ҰҚК Тілек Махуовқа қатысты тергеуді растады
1829
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Атырау қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Тілек Махуовқа қатысты тергеу жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұған дейін ақпарат кеңістігінде шенеуніктің 100 млн теңге парамен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-тармағына сәйкес жария етуге жатпайды", – делінген ҰҚК ресми жауабында.
Дереккөздің жазуынша, Тілек Махуовпен бірге мердігер компанияның басшысы Фархат Еңсегенов те тергеу изоляторына қамалған. Ал параның жалпы көлемі 600 млн теңгені құраған.
Айта кетейік, Тілек Махуов бұл қызметке дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары, одан бұрын құрылыс басқармасының басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...