"Ұқсайтын сияқтымыз": Динара Сәтжан енесін көрсетті

24.03.2025 12:31
0
50
instagram.com

Тележүргізуші Динара Сәтжан биылғы Наурыз мерекесін Сарыағашта отбасымен бірге атап өтті,  деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасында ол көктемгі шуақты күнде туған-туыстарымен бірге дастархан жайып, ұлттық салт-дәстүрлерге сай мерекені қалай тойлап жатқанын көрсетті.

25 градус жылы ауа райында өткен Наурызда тележүргізуші қазақ әйелдеріне тән ілтипаттылықпен басына орамал тартып, қамыр жайып, қаттама нан пісіруге атсалысты. Ол бұл сәттерді «Сарыағашта нағыз көктем! Наурызды анашыммен бірге қарсы алдық. Сонымен бірге абысындардан тағы бір мастер-класс. Бүгін – қаттама нан» деген жазбасымен бөлісті. Сондай-ақ, ол анасы және енесімен түскен суреттерін жариялап, отбасылық құндылықтарды ерекше дәріптеді.

«Анам екеуіміз ұқсайтын сияқтымыз» деген жазбасы көпшіліктің назарын аударып, жылы пікірлерге ие болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий