Ұшақ автобусқа соғылды: қаза тапқандар бар

Ұшақ автобусқа соғылды: қаза тапқандар бар
08.02.2025 09:52
0
1288
ашық дереккөзден

Бразилиядағы ұшақ апаты Сан-Паулудағы көшеде шұғыл қонуға әрекеттенген кезде ұшақ автобусқа соғылды. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұшақ жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:20 шамасында Сан-Паулудағы Маркиз де Сан-Висенте даңғылында көліктерге соқтығысқан.

Ұшақ Кампо-Ди-Марти әуежайынан (Сан-Паулу) таңғы сағат 7:15 шамасында ұшып, Порту-Алегре қаласына бет алды.

Алайда ұшқаннан кейін небәрі бес минуттан соң әуе кемесі көшеге шұғыл қонуға тырысып, автобусқа соғылды. Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, апат болған кезде автобуста жолаушылар болған жоқ.

 King Air F90 шағын әуе кемесі сегіз жолаушыны тасымалдауға арналған. Бортта апаттың құрбаны болған екі адам ғана болған.

Сондай-ақ Daily Mail "шұғыл қонудың себебі әлі белгісіз" деп жазды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий