Утильалымды Ресейдің "Байқоңырға" әкелетін ескі зымырандарынан жинау керек
Қоғам белсендісі Ибраш Нүсіпбаев бірінші вице-премьер Р.Склярға осылай деп ашық хат жолдады,-деп хабарлайды politico.kz
Мәселенің мәнісіне тоқталсақ, Ресей оттегі-керосинмен ұшатын жаңа "Ангара-А5" зымырантасығышын Қазақстанға беруден бас тартты.
Оның орнына улы гептильмен ұшатын, сонау 1961 жылдары әзірленген "Протон" зымыранын тасып жатыр. Біреуінің құны $45 млн тұрады.
"Утильалым "Роскосмостың" таситын көнерген зымырантасығыштарынан жиналуға тиіс. Оны қазақстандық ғарыш өндірісіне бағыттау қажет. Роман Васильевич, автоөнеркәсіпті дамыту үшін утильалымды пайдалануда сіздің тәжірибеңіз өте бай. Сондықтан сіздің басшылығыңызбен Қазақстан небәрі 10 жылдан кейін дүниежүзіндегі жетекші ғарыш алпауытына айналып шыға келетініне еш күмәнім жоқ.", – деді қоғам белсендісі Нүсіпбаев.
Әрине, бұл ұсыныс кекесінге көбірек ұқсайды. Әйтсе де, үндеуді әлеужеліде талқылаған қазақстандықтар авторға бұл бастамасын петиция түрінде жариялауды ұсынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
23.10.2026
09:40
14 сарбаздың қазасынан кейін экс-депутат Ринат ...
23.10.2026
09:21
Бибігүл Жексенбай жаңа қызметке тағайындалды
23.10.2026
09:10
«Жаның жәннатта болсын»: Әбдірайымовтың батасы ...
23.10.2026
08:50
Тоқаев композитор Алтынбек Қоразбаевты марапаттады
23.10.2026
03:55
Кіші дәрет, кіші жаза: Астанада ер адам 10 тәул...
22.10.2026
22:05
Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне ұсынылған ж...