«Ұяттымын»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады

«Ұяттымын»: Жұлдыз Әбдікәрімова мәлімдеме жасады
02.06.2025 16:46
0
1251
Фото: әлеуметтік желі

Актриса, тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова ел алдында күтпеген мәлімдеме жасады. Ол желіде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

«1-маусым менің ең сүйікті әрі асыға күтетін күнім. Бала кезімнен, бұл күн тек менің Анамның күні деп қабылдайтынмын, кейін есейе келе Анашымның күні — дәл осы күнге әбден лайықты жан екенін білдім. Бекзададай дархан көңілі бар, кіршіксіз таза пейілі бар, ақ ниетті жүрегі бар, айналасына мейірімін шуақтай шаша білетін нұрлы жүзі бар өте сабырлы нағыз АНА — ол менің Анашым, Бекзада. Анашым, мен осы жасқа келгенше сізді уайымға салып қойғаным үшін кешірім сұраймын. Әр сынағыма, жіберген қателігіме өзіңіз куәсіз, сол үшін алдыңызда ұяттымын… Десе де, ешкімнің сөзіне де, көзіне де, сынына да қарамастан дер кезінде, үнсіз ғана менің және төрт баламның жанынан табыла білдіңіз. МАМ, қолдағаныңыз үшін, сол тығырықтан шығуға санама сәуле, кеудеме сенім бергеніңізге мың мәрте рақмет айтамын, мен алдыңызда мәңгі қарыздармын. Мәңгі бас иемін! Ендігі кезек қайырлы қуанышта! Сіздің жаңа жасыңызбен тұспа-тұс келген жақсы жаңалықтар бекер емес деп білемін. Сіздің дұғаңызбен тілеуіңіз қабыл болды! Ендігі кезең тек жақсылықтың легі болғай. Сіздей Анамның барына сансыз шүкір! Мен сізбен мақтанамын, мен сізбен марқаямын. Мам! Жаңа жасыңыз қуанышқа, берекеге, мерекеге толы болсын! Папамен бірге ортамызда дін аман, бал-бұл жайнап, бай- қуатты, бақыттың құшағында ұрпақтарыңызбен ұзақ өмір сүрулеріңізді тілейміз», — деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий