Венесуэла президентінің Нью-Йоркте тұтқындалған видеосы тарады
Венесуэла президенті Николас Мадуро Бруклиндегі (Нью-Йорк) тергеу изоляторына жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Тұтқындалған Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген ауқымды операциясынан кейін Нью-Йорктег3 видеосы тарады.
CNN телеарнасынынің мәліметінше, АҚШ-тың есірткімен күрес басқармасының (DEA) штаб-пәтерінде болғаннан кейін Мадуро мен оның жұбайы күзетпен Бруклиндегі федералды тергеу изоляторына жеткізілді.
Телеарнаның мәліметінше, Венесуэла президенті Манхэттендегі федералды сотта есірткі мен қару-жарақ саудасына қатысты айыптар бойынша жауапқа тартылады.
Еске салайық, сенбіге қараған түні Каракаста жарылыстар болды. Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары ауқымды соққылар жасағанын, ал Мадуроның жұбайымен бірге ұсталып, елден әкетілгенін мәлімдеді.
АҚШ ерлі-зайыптыларға «наркотерроризм» айыбын тақты, олар жақын арада америкалық сот алдында жауап береді.
Қазіргі уақытта Венесуэланың вице-президенті Делси Родригес ел президентінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Ол Мадуро мен оның жұбайын дереу босатуды талап етті.
Соңғы жаңалықтар