Вице-министр Әмрин БЖЗҚ-дағы жинағын «Отбасы банкке» аударып үлгергенін мәлімдеді

11.06.2026 16:35 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Вице-министр Әмрин БЖЗҚ-дағы жинағын «Отбасы банкке» аударып үлгергенін мәлімдеді
151
Фото: gov.kz

Қазақстанда БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың шекті межесі көтерілгенге дейін Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин өзінің қордағы қаржысын қалай пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Үкімет кулуарларында тілшілердің сұрақтарына жауап берген шенеунік зейнетақы жинағын «Отбасы банкке» аударып үлгергенін, бірақ оны әлі де пайдаланбағанын жеткізді. Оның мәлімдеуінше, зейнетақы жинағын алудың жоғары шегі әділетті, себебі мүмкіндігі бар азаматтардың барлығы дерлік бұл бағдарламаны қолданып үлгерді.

«Бұл бағдарлама 2023 жылдан бері жұмыс істейді, мүмкіндігі болғандар оны пайдаланып үлгерген шығар, менің білуімше 5 трлн теңгеден астам ақша шешіп алынды, бұл зейнетақы төлемдеріне әсер етеді, сондықтан біз қазіргі жағдайға қараймыз, кімнің мүмкіндігі болды сол пайдаланды, ал қалғандары әрі қарай жинақтай береді», — деді Азамат Әмрин.

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға, емделуге немесе жеке басқарушы компанияларға аудару құқығы 2021 жылы берілген болатын. Кейіннен жеткіліктілік шегінің айтарлықтай өсуі жинақтарын пайдалана алатын азаматтардың санын күрт азайтты. Жақында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшерін жариялады, бұл биылғы жыл ішіндегі екінші мәрте көтерілу.

Войдите, чтобы оставить комментарий