X Factor Uzbekistan сахнасында Димашқа ұқсайтын қазақстандық өнер көрсетті

30.10.2025 16:37 Нақыпбек Фатима
X Factor Uzbekistan сахнасында Димашқа ұқсайтын қазақстандық өнер көрсетті
0
456
Фото: әлеуметтік желіден

X Factor Uzbekistan жобасында қазақстандық қатысушы Нұрсұлтан Құдайбергеннің өнері көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Оны көпшілік бірден әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен салыстырды - ұқсастық тек сырт келбетінде ғана емес, дауыс мәнерінде де байқалды.
Бағдарлама кезінде қазылар алқасы Нұрсұлтанның Димашқа ұқсастығына назар аударып, оның ерекше дарынын атап өтті. Ал желі қолданушылары бұл ұқсастықтың жай сәйкестік пе, әлде тағдырдың тәлкегі ме — деп қызу талқылауда.
Қазірдің өзінде Нұрсұлтанның өнер көрсеткен бейнежазбасы әлеуметтік желілерде танымал болып жатыр. Көптеген қазақстандықтар талантты жерлесін қолдап, оның алдағы жетістіктерін асыға күтуде.
Бірақ кейбірі басқа әншіні қайталамай, өзінің жолын қалыптастырған жөн деп пікір білдірді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий