ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕНІ ТАНУ
450
Қазақстандық ғалымдардың ғылыми дәрежесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде де танылады. Ол үшін ғалымдарға ұлттық растау рәсімінен өтудің қажеті болмайды. Бүгін Сенат депутаттары тиісті заңды ратификациялады. Бұл арқылы, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің жоғары білім ордалары мен зерттеу институттары арасындағы ғылыми байланыс нығая түспек. Тек ғалымдар ғылыми дәрежесі үшін үстемеақы талап еткен жағдайда ғана ерекшеліктері қарастырылады. Сондай-ақ, бүгін Сенатта Қырғызстанмен авиациялық іздеу және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мақұлданды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: - Келісім екі мемлекеттің авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейді. Заң авиациялық оқиға туындаған жағдайда тараптардың бірлескен іс-қимылын, сондай-ақ, оқу-жаттығулар өткізу және ақпарат алмасудың жекелеген мәселелерін реттейді.
Алдағы уақытта бұл Келісім екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...
05.10.2026
20:49
Марғұлан Аманбаев ҚР Төтенше жағдайлар министрл...