Өз көлігін өзі өртеп, бірнеше шенеунікке жала жапқан тараздық блогер сотталды
265
Сотталушы адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптауға ұласқан көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыпталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
№2 Тараз қалалық соттың жазуынша, 2022 жылдың қазан айында сотталушы Нұрлан Қанатов өзін саяси жағдайдың құрбаны деген ой қалыптастыру мақсатында көлігінің өртенген бейнежазбаларын Facebook әлеуметтік желісіне таратқан. Соттың мәліметінше, көлікті өртеуге өзі тапсырыс берген.
Сосын көлігінің өртенгенін ұйымдастыруда аймақтағы бірнеше лауазымды тұлғаны айыптап, тиісті арызбен Жамбыл облысы ПД-на жүгінген.
«Бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғалып, қылмыс құрамы болмауына байланысты іс қысқарған. Осылайша К. қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізген. Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, айғақ заттар арқылы дәлелденді. Прокурор сотталушыны 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамады», — деп жазды ведомство.ҚК 419-б. 3-б. санкциясында 3 жылдан 8 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде оның кәмелетке толмаған балаларының бар екені есепке алынды. Жазаны ауырлататын мән-жай жоқ. Соттың үкімімен К. 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
19:07
Алматыда ағаш басып қалған 19 жастағы бойжеткен...
10.07.2026
18:12
Бишімбаев ісімен танылған прокурор Айжан Аймаға...
10.07.2026
18:04
Алматыда екі жыл бұрын жұмбақ жағдайда өлген бо...
10.07.2026
17:26
ҰҚК Тілек Махуовқа қатысты тергеуді растады
10.07.2026
17:07
Астанада мешітте ұрлық жасаған күдікті ұсталды
10.07.2026
16:43
Мейірман Шекеев «Барлық заңды оқыдым» деген Аша...