"Заманбек Нұрқаділовтің немересі де бар": Қоғам белсендісі ЛГБТ өкілдеріне қатысты шындықты жайып салды

19.04.2025 11:07
0
146
видеодан алынған кадр\ stan.kz

Қоғам белсендісі, Қазақстан ата-аналар қауымдастығының басшысы Бағила Балтабай ЛГБТ өкілдеріне қатысты шындықтың бетін ашты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бағила Балтабай Sadaq Media арнасына сұхбат беріп, қоғамда қызу талқыланатын тақырыпқа қатысты пікір білдірді. 

“Алматыда ең бірінші гей клуб 1995 жылы ашылған екен. 30 жыл өтіп кеткен. 1992 жылы USAID басқалары кіріп келді. 1995 жылы алғашқы гей клуб сол кезде ашылса, 30 жылдың ішінде біз бүгінгі деңгейге жеттік. Егер біз көрсек көрмегендей, естісек естімегендей болсақ, "жаман нәрсені айтпа, тарап кетеді" деп бұрынғы қазақы дүниемен осы уақытқа дейін үндемей келдік. 30 жылдың ішінде біз қандай деңгейге келдік?! Басқа қалаларды алмай-ақ қояйын. Астана мен Алматыда түнгі гей клубтар қаншама?! Тек Алматы мен Астананы санасақ 50,60-қа барып қалатын шығар. Мынау клуб деп нүктесіне дейін білмесем де бірақ сұрастырып ақпарат жинап жүрмін”, — деді қоғам белсендісі. 

Одан кейін марқұм Заманбек Нұрқаділовтың да немересі ЛГБТ мүшесі екенін жасырмады. 

“Заманбектің немересі де сол ұйымға мүше екенін бәрі біледі. Ол 2-3 жыл бұрын ел алдына шығып, сұхбат берді. Біз көзін жоя алмай жүрсек, ол сондай ұйымның болғанын қалаймын және талап етемін” деді. Біржынысты некені қолдайды. Олар шаңырақ көтеріп, бала асырап алу құқығына да ие болғысы келеді”, – деді Бағиала ханым.  

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий