Заң мақұлданды: Ұлттық қордан 2 трлн теңге алынады
289
Сенаттың жалпы отырысында “Ұлттық қордан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” заң мақұлданды.
Құжат Бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленді. Кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталды.
Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 АҚШ доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41–39,4 АҚШ доллары деңгейінде белгіленген. Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды, - деді Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.
Ол жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы 62,2 млрд АҚШ долларын, 2026-2027 жылдары 69,9 – 78,7 млрд АҚШ долларын құрайтынын атады.
Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді министр.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
14:06
Алматыда жол опырылып, көліктер шұңқырға түсіп ...
05.10.2026
14:06
Он жастағы балаға екі ай бойы зорлық жасаған кү...
05.10.2026
13:58
Атырауда төрт адам мінген лифт құлады
05.10.2026
13:51
Қазақстанда мұғалім саны рекордқа жетті: Білім ...
05.10.2026
13:16
«Баланың аузынан жырып жеу – масқара!»: Әбенов ...
05.10.2026
12:48
Бұрынғы сенатор Амангелді Нұғманов Көлік минист...