Зеленский АҚШ-пен келіссөздердің мән-жайын ашып айтты

Зеленский АҚШ-пен келіссөздердің мән-жайын ашып айтты
13.03.2025 17:14
0
481
t.me/V_Zelenskiy_official
Зеленский АҚШ-пен келіссөздер нәтижесін баяндады

Украина президенті Владимир Зеленский Сауд Арабиясында өткен Украина мен АҚШ делегацияларының келіссөздері туралы егжей-тегжейлі есеп берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президенттің сөзінше, АҚШ-пен келіссөздер өте конструктивті жағдайда өткен. Ол Украина тарапының бейбітшілік орнатуға мүдделі екенін және осы мақсатқа жету үшін өз міндеттемелерін орындауға дайын екенін жеткізді.

«Украина бейбітшілікке жылдам қадам жасауға дайын. Біз өз тарапымыздан сенімді, ұзақ мерзімді және әділ бейбітшілікті орнату үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Делегацияларымыздың жұмысының арқасында қорғаныс және барлау саласындағы көмек қайта қалпына келтірілді», – деді Зеленский.

Украина АҚШ-тың «жердегі тыныштық» (атысты тоқтату) ұсынысын қабылдаған. Бұған дейін Украина тарапы әуе және теңіз кеңістігінде тыныштық режиміне келісім берген еді.

«Біз үшін маңызды мәселе – бақылау механизмдері. Осы мәселені шешуге техникалық қолдау көрсетуге дайын болғаны үшін Америка тарапына ризамыз», – деді Украина басшысы.

Сонымен қатар, келіссөздерде Украина қауіпсіздік кепілдіктері және еуропалық серіктестермен өзара әрекеттестік мәселелерін талқылаған.

Зеленский Ресейдің ұсыныстарға нақты жауап бермеуін сынға алып, Мәскеу соғысты жалғастыруға мүдделі екенін мәлімдеді. Ол АҚШ-тың Ресейге қысымы соғысты тоқтатуға ықпал етеді деп үміттенетінін жеткізді.

Украина президенті келіссөз алаңын ұсынған Сауд Арабиясына және оның тақ мұрагеріне алғыс білдірді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий