Зеленский АҚШ-та Дональд Трамппен кездесуге баратын болды
Зеленский 28 ақпанда Вашингтонға сапар жасайды.
Украина президенті Владимир Зеленский ертең, 28 ақпанда, АҚШ-қа ресми сапармен барады. Ол Вашингтонда АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамппен кездеспек, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кездесу барысында екі ел арасында сирек металдар мен басқа да салаларға қатысты келісімге қол қойылатыны болжануда.
"Біз Ресеймен қарым-қатынасты жақсартудамыз. Украина президенті Зеленский жұма күні келеді. Бұл ресми түрде расталды. Біз ірі келісімге қол қоямыз", – деді Трамп өз кабинетінің отырысында.
Сондай-ақ, ол Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату мақсатында маңызды мәміле жасауға ниетті екенін айтты.
"Ең бастысы – адамдардың қаза табуын тоқтататын келісімге келуіміз", – деп түйіндеді Трамп.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...
13.11.2026
19:30
Тоқаев ҚТЖ жұмысын қатаң сынға алды