Зеленский: "Путиннің жеңісі – АҚШ-тың жеңілісі"

Украина президенті Владимир Зеленский Путиннің жеңісі бүкіл Батыс әлемі үшін үлкен қауіп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ITV News.
Зеленскийдің айтуынша, Украинаға нақты қауіпсіздік кепілдіктерінсіз жасалған кез келген келісім Путиннің жаңа соғыс ашуына жол ашады.
"Егер соғыс тоқтап, қауіпсіздік кепілдігі болмаса, Путин қайта оралып, Украина жерін басып алуға тырысады", – деді Зеленский.
Украина президенті АҚШ пен Еуропаны Украинаны қолдауды тоқтатпауға шақырды.
"Путин жеңіске жетсе, бұл Еуропа мен АҚШ-тың жеңілісі болады. Ол ешқашан тоқтамайды", – деп ескертті Зеленский.
Сонымен қатар, ол Украина мен АҚШ арасында стратегиялық серіктестіктің әлсіреуіне жол бермеу керектігін, әйтпесе бұл жағдай Ресейдің пайдасына шешілетінін атап өтті.
"Егер АҚШ пен Украина арасында келіспеушілік туса, одан тек Путин ұтады. Сондықтан бізге тұрақты қауіпсіздік кепілдіктері қажет", – деді ол.
Зеленский Ұлыбритания, АҚШ және ЕО-ның Украинаны қолдауын жоғары бағалайтынын, бірақ бұл қолдаудың жалғасуы маңызды екенін айтты.
Соңғы жаңалықтар





