The Telegraph: Зеленский Ресейге басып алған жерлерді беруге дайын

The Telegraph: Зеленский Ресейге басып алған жерлерді беруге дайын
12.08.2025 12:15
0
519
Сурет Киевте өткен ЕО-Украина саммиті

The Daily Telegraph басылымының жазуынша, Владимир Зеленский өз ұстанымын жұмсартып, Ресей басып алған аумақтарды беруге дайын, бірақ ол үшін қару-жарақ пен НАТО-ға мүшелікке жол ашуды талап етеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ саяси-әлеуметтік порталы.

Басылымның мәліметінше, Трамп пен Путин кездесуінің алдында Еуропа лидерлері Украинамен ортақ ұстанымды келісіп, бітім туралы өз ұсыныстарын әзірлеген. Осы жоспар аясында Украина Ресейдің бақылауындағы аумақтарды қалдырып, соғыс қимылдарын тоқтатуға келісуі мүмкін.

Бұл қазіргі майдан шебін сол күйінде тоқтатуды білдіреді. Демек Ресейдің басып алған Луганск, Донецк, Запорожье, Херсон және Қырымдағы аумақтарды іс жүзінде бақылауға беруін білдіреді деген сөз. Газеттің жазуынша, Украина мұндай келісімге тек қару-жарақпен қамтамасыз ету және НАТО-ға мүше болу жолы түріндегі «сенімді қауіпсіздік кепілдіктері» берілген жағдайда ғана келіседі. Мәскеу бұған дейін бітім шарты ретінде Украинаның толық қарусыздануын талап етіп, оның альянсқа кіру мүмкіндігін үзілді-кесілді жоққа шығарған болатын. Енді Зеленский бұл талаптар орындалса ғана аймақтарды бермек. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий