Зеленскийдің ұшағы Вашингтонға қонды
990
Украина мен АҚШ стратегиялық пайдалы қазбалар жөнінде келісім жасайды
Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұшағы Вашингтон маңындағы Эндрюс әуе базасына бейсенбі күні кешке қонды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
28 ақпанда АҚШ пен Украина арасында пайдалы қазбалар жөніндегі стратегиялық келісімге қол қойылмақ. Бұл келісімге АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен дайындық жүргізілген.
Киевтің мәліметінше, АҚШ экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды 50 минералдың жартысы Украина аумағында орналасқан. Олардың қатарында литий, титан, көмір, темір кені, мұнай және газ бар.
Бұл келісім АҚШ-тың энергетикалық тәуелсіздігін нығайтуға және Украина экономикасына жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік беруі мүмкін.
Вашингтондағы келіссөздер Украина мен АҚШ арасындағы экономикалық және стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...
12.09.2026
14:24
Қарағандыда бір жастағы бала бағана орнатуға қа...
12.09.2026
13:18
Ирактан ұшырылған дрондар Сауд Арабиясындағы ір...
12.09.2026
12:21
Петропавл маңында құрылыс кезінде екі адамның ж...