Зейнетақы ақшасымен енді пайыз төлеуге болмайды
Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЖЗҚ) пайдалану қағидаларына елеулі өзгерістер енгізілмек, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осыған қатысты 2021 жылғы 21 қаңтардағы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы жаңа бұйрық жобасын жариялады. Құжат жобасы 2025 жылғы 6 қарашада «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында қоғам талқылауына шығарылды.
Егер жаңа жоба қабылданса, онда зейнетақы төлемдерін пайдаланудың тәртібі түбегейлі өзгереді. Банктер енді бұл қаражатты ипотеканың сыйақысын өтеуге жұмсай алмайды.
Оның орнына, зейнетақы артығы қазақстандықтардың борыштық жүктемесін азайту үшін тек мына үш бағыттың біріне тікелей негізгі қарызды өтеуге жұмсалады:
- Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша негізгі борышты өтеу;
- Ай сайынғы төлемді азайту;
- Кредит мерзімін қысқарту.
Министрліктің пайымдауынша, бұл шара азаматтардың ай сайынғы төлемдерін төмендетуге немесе ипотеканы әлдеқайда жылдам жабуға мүмкіндік береді.
Бұл өзгерістер Қазақстанның жаңа Салық кодексінің редакциясына сәйкес енгізіліп отыр.
Ең басты жаңалықтардың бірі – 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар БЖЗҚ-дан алынған осы зейнетақы төлемдері үшін жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босатылады.
Ведомство бұл құжаттың әлі де талқылау сатысында екенін және оның мазмұны әлі де өзгеруі мүмкін екенін ескертті.
Соңғы жаңалықтар