Жаңа жыл қарсаңында. Димаш Құдайберген Қытайдағы басты телеарналарда өнер көрсетті
550
2024 жылдың 8 ақпанында жерлесіміз Қытай күнтізбесі бойынша жаңа жыл қарсаңына арналған жобаларда бірнеше әнді орындап, Қытай телеарналарында өнер көрсетті.
CCTV-3 арнасының мерекелік бағдарламасында Димаш 2024 жылғы көктем фестивалінің гала-концертіне арналған қазақ және қытай тілдерінде «Ұмытылмас күн» және «Give me your love»атты шығармаларымен көпшілікті тәнті етті.
Ал 2024 Liaoning TV Spring Festival гала-концертінде Димаш Құдайберген әйгілі пианист Ланг Лангтың сүйемелдеуімен «Thousands of Miles, a Common Dream», яғни,«Мыңдаған шақырымға бір арман» атты әнді шырқады.
Әнші Тайваньдық өнерпаз Ричи Ренмен бірге «Flowers Bloom in Spring» композициясын да керемет орындап шықты.
Еске сала кетейік, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылдық кеште Димаш Құдайберген ҚР Әнұранын Ақордада симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындап шықты.
Соңғы жаңалықтар
08.07.2026
15:08
"Қазақмыс" экологияға 829 млрд теңге бөледі
08.07.2026
15:00
Ауыл шаруашылығы министрінің ұлы әкімнің орынба...
08.07.2026
14:52
Павлодарда жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер...
08.07.2026
13:59
Атырауда өзін аңдыған бұрынғы жігітін көлікпен ...
08.07.2026
13:27
Бурабайда квадроцикл тізгіндеген бойжеткен мерт...
08.07.2026
13:21
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы тағайындалды