Жахан Отарғалиевтен анасы баласы бар әйелге үйленуді өтінді
1273
Екі некесі де сәтсіз болған шоумен әрі актер Жахан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасына анасының видеосын жариялап, көпті ойландырып қойды.
Бейнежазбада анасы ұлынан балалы әйелге үйленуін өтінеді.
Мен саған бірнәрсе айтайын. Сен маған діңкілдемей, соңына дейін ыржалаңдамай тыңдап ал. Сені мен білемін, бірнеше жылдан бері қиналып жүрсің. Айтқың келмейді. Жан-жағыңдағы достарыңа, бізге білдіргің келмейді. Мен ана ретінде бәрін де түсінемін. Сен баласы бар келіншекке үйленші! Баланың еш кінәсі жоқ. Балаң өзіңнің балаңдай болып кетеді. Бала деген еш уақытта саған салмақ салмайды. Бала деген – бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Осыны ойланып көр! Сен айтпағаныңмен, мен бәрін сеземін, жүрегіммен сеземін. Себебі мен – анамын. Сондықтан осыны ойланып көрші өзің, - дейді шоуменнің анасы.Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары ол кісінің даналығына риза болып, «ананың ақылына құлақ асқан дұрыс» деген пікірлерін қалдырды.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады