Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты тың дерек жарияланды
Жамбыл облысындағы сарбаз өлімінен кейін Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлім рота командиріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, 27 қаңтарда сарбаз Е. Рустемұлының қаза болуына байланысты Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлім рота командирінің қызметке салғырт қарауы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды.
«Тергеу лауазымды тұлғаның жеке құрамның қызметін және әскери қызметшілердің қаруды қолдануын бақыламағаны, сонымен қатар қаза болған сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілеттігін асыра пайдаланғаны анықталды», - делінген ресми хабарламада.
Қысқа мерзім ішінде қажетті дәлелдер жиналып, қылмыстық іс сотқа қарау үшін жолданды.
Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында.
Еске сала кетейік, 27 қаңтарда Жамбыл облысында әскерде қару пайдалануы кезінде сарбаз көз жұмған еді.
Соңғы жаңалықтар