Жаңа адамдар LRT желісінің іске қосылуын атап өтті

17.05.2026 22:40 Қарақат АСЫЛОВА
Жаңа адамдар LRT желісінің іске қосылуын атап өтті
61
Фото Жаңа адамдар
Астанада ролик пен самокат мінген жастар LRT–ның іске қосылуына орай жаппай шеруге шықты.

Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) іске қосылуына орай «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы көшеде жаппай шеру ұйымдастырды, – деп хабарлайды Politico.kz.

Ұйымның мәліметінше, елорда жастары ролик, скейтборд, самокат және велосипед мініп, қала көшелерімен біртұтас лек болып жүріп өткен. Белсенділер бұл оқиғаны Қазақстан өміріне жаңа ырғақ беріп, елдің дамуы әр адамның ішкі ұмтылысынан басталатынын көрсететін ортақ қозғалыстың символы ретінде бағалап отыр.

Сонымен қатар шара барысында қозғалыс мүшелері еліміздің жаңа тарихи кезеңге аяқ басып, жаңа Халықтық Конституция қабылдағанына ерекше назар аударды. Олардың сөзіне қарағанда, жауапкершілік, еңбекқорлық, жасампаздық, патриотизм, сондай–ақ заң мен тәртіп құндылықтары бүгінде әрбір қазақстандық үшін басты бағдарға айналып келеді.

Жастар ұйымы Президент бастамасымен қолға алынған LRT жобасының сәтті аяқталуын «Әділетті Қазақстан» идеясының және елдегі оң өзгерістердің жарқын көрінісі деп санайтынын жеткізді.

«Бұл — алғашқы қадам. Бұл — жолдың басы ғана», – деп қайталайды қозғалыс мүшелері Мемлекет басшысының сөзіне сүйене отырып.

Войдите, чтобы оставить комментарий