Жаңа Уренгой әуежайында жүк ұшағы қонарда қирай жаздады
1482
Әуежайда төтенше жағдай: Ан-12 шассиі ашылмай қалды
Ресейдегі Жаңа Уренгой әуежайында Ан-12 жүк ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Оқиға ұшақтың шасси тіреуіші ашылмай қалғандықтан орын алған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оқиға кезінде ұшақ сол жақ бүйіріне қисайып, ұшу-қону жолағында айналып кеткен. Бортта сегіз адамнан тұратын экипаж болған, абырой болғанда олардың ешқайсысы зардап шекпеген.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтың сол жақ шасси тіреуіші құлыпталмай қалған. Қазір оқиға орнында көлік прокуратурасының тергеушілері жұмыс істеуде. Әуежай уақытша жабылған.
Айта кетейік, екі күн бұрын, 24 наурызда осы ұшақ дәл осындай мәселеге тап болған. Сол кезде шасси дұрыс ашылмай, ұшақ әуеде бірнеше рет айналып, кейін қауіпсіз қонған болатын.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
19.08.2026
00:03
Жан басына шаққандағы энергиямен қамту: Қазақст...
19.08.2026
00:02
Мәдинаның жеңгесі: Аяғы ауыр әйел өзін ешқашан ...
18.08.2026
23:20
Марқұм Мәдинаның жеңгесі: Арқасында шыбық ізі б...
18.08.2026
22:48
Қазақстанда автокөлік өткізу пунктерін жаңғырту...
18.08.2026
21:51
Азаматхан Әміртай: Үлкен соғыс болды, мені аяға...
18.08.2026
21:24
Қазақстанда Инстасамканың концерттерін өткізуге...