"Мақтаншақтық": Жазира Байырбекованың жаңа жылдық дайындығы сынға ұшырады
Танымал әнші Жазира Байырбекова жаңа жыл қарсаңында ірі сауда орталығында азық-түлік алып жүрген сәтін әлеуметтік желіде бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесі видеода жұбайымен бірге дүкен аралап жүргенін көрсетіп, әзіл-қалжың аралас жазба қалдырған. Оның айтуынша, мереке жақындаған сайын дүкен де, халық та ерекше көңіл күйге енеді.
«Тойдан кейін дүкенге соқсақ, адам көп. Жәкең: “Продуктылар бітіп қалмаған ба өзі?” – деп әзілдейді. Жаңа жыл жақындаса, дүкен де мереке, халық та мереке күйінде. Сіздерде дайындық қалай жүріп жатыр? Бәрін алып қойдыңыздар ма, әлде біз сияқты соңғы күнге қалдырдыңыздар ма?» – деп жазды әнші.
Алайда бұл жазба желі қолданушыларының бір бөлігінің көңілінен шықпады. Кейбір оқырмандар әншіні қарапайымдылыққа шақырып, видеоны орынсыз деп бағалады.
«Айт мерекесінде осылай алар ма едіңіздер?», «Ақшам көп болса, мен де толтырып алар едім», «Барлығын көрсетіп болдық, енді азық-түлік алғанымызды да көрсету керек пе? Бұл – мақтаншақтық» деген пікірлер жазылды.
Сонымен қатар, Жазира Байырбекованы қолдағандар да табылды. Олар әркімнің мерекеге өз қалауынша дайындалуға құқығы бар екенін айтып, әншіге жылы лебіздерін білдірді.
Осылайша, Жазира Байырбекованың жаңа жылдық қарапайым видеосы әлеуметтік желіде екіұдай пікір туғызып, кезекті талқылау тақырыбына айналды.
Соңғы жаңалықтар