Жаңаөзен мен Ақшымырауда нөсер жауыннан кейін үйлерді су басты

16.04.2026 23:00 Қарақат АСЫЛОВА
Жаңаөзен мен Ақшымырауда нөсер жауыннан кейін үйлерді су басты
269
Толассыз жауын әбігерге салды

Жаңаөзен мен Ақшымырауда нөсер жауыннан кейін үйлерді су басты, деп хабарлайды Politico.kz сайты Sn.kz-ке сілтемемен.

Жаңаөзен қаласы мен Ақшымырау ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен аулаларды су басып, халық қиын жағдайға тап болды. Бұл туралы жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде хабарлады.

Кейбір отбасылар өз үйлерінде тұра алмай, жоғары жерлерге немесе жиһаз үстіне шығуға мәжбүр болған. Тараған видеоларда адамдардың төсек үстінде отырып, судан қорғануға тырысқаны көрінеді.

Тұрғындар инфрақұрылымның әлсіз екенін айтып, биліктен жедел көмек пен нақты шаралар күтетінін жеткізуде. Кейбірі жағдайға байланысты сын пікірлер де білдірген.

Қазір су сору және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дегенмен, жағдай толық тұрақтанған жоқ. Мамандар мұндай мәселелердің алдын алу үшін дренаж жүйесін жаңарту қажет екенін айтады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий