Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен айырылып қалды

11.03.2026 09:27 Әсел Мұрат
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен айырылып қалды
234
Фото: ашық дереккөз

Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды.Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, мұндай шешім ұйымның қатаң ережелеріне байланысты қабылданған.

«Бүгін IBF шешім шығарды. Бізге белгілі, IBF-тің қатаң ережелері бар, олар өз хатында осыған сілтеме жасады. Олардың хатына сәйкес, Жәнібек Әлімқаұлы 2026 жылдың 2 желтоқсанына дейін шеттетілді. Олардың ережелерінде кез келген салмақ дәрежесіндегі кез келген чемпион өз белбеуін тоғыз ай бойы қорғауы керек деп көрсетілген, яғни Жәнібек оны 2026 жылдың 4 шілдесіне дейін қорғауы керек. Қазіргі жағдайға байланысты, 2026 жылдың 5 наурызында IBF директорлар кеңесі титулды дереу бос деп жариялау туралы шешім қабылдады.», – деді Ерденбеков.

Ол бұл жағдай Жәнібектің командасы үшін үлкен сабақ болғанын айтты.

«Федерация президенті ретінде мен бұл жағдай Жәнібектің командасына үлкен сабақ болды деп санаймын. Дегенмен, ол биыл үлкен рингке одан да мықты болып оралады және жақын арада төрт әлем титулын да жеңіп алады», - деп жазды федерация басшысы.

Жәнібектің командасы бұл іс бойынша апелляциялық шағым түсіреді.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсан айының басында WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Эрисланди Ларамен үш титул үшін өтетін жекпе-жекке аз уақыт қалғанда қазақстандық чемпионның зәр сынамасынан антидопинг кодексімен тыйым салынған мельдоний заты табылғаны белгілі болды.

Кейін Әлімханұлының командасы спортшы допинг қолданбағанын айтып, екінші сынама тапсырды. Бірақ «B» сынамасы да оң нәтиже көрсеткен.

Допинг дауына байланысты  Жәнібек Әлімханұлына қатысты World Boxing Organization (WBO) ресми шешім шығарды. Ол бір жылға, яғни 2025 жылдың 2 желтоқсанынан 2026 жылдың соңына дейін кәсіпқой бокстан уақытша шеттетілді.

Енді ол 2026 жылдың соңында шаршы алаңға қайта оралып, уақытша чемпиондық белбеу иесімен жекпе-жек өткізуі тиіс.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий