Жарнамаға ресейлік блогерді шақырған қазақстандық косметика бренді оңбай сөз естіді
Қазақстандық SenSulu косметика бренді ресейлік блогер Валя Карнавалды жарнамаға түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Жарнамадан кейін видео әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
Видео жарияланғаннан кейін қазақстандықтар наразылық білдіріп, компанияға бойкот жариялады.
Компания Валя Карнавалды брендтің амбассадоры ретінде таныстырған.
Бұл блогер бұған дейін «қазақтарды қорлайтын сөз айтты» деген сынға ұшыраған. Алайда оның өзі мұны жоққа шығарып отыр.
Өзін Sen Sulu маркетологымын деп таныстырған Бақытгүл Қазбекова жағдайға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, компания Карнавалды жаңа нарыққа шығу үшін таңдаған.
«Жақында болған коллаборацияға қатысты мәселені түсіндіргіміз келеді. Валя Карнавал Sen Sulu брендінің Қазақстандағы немесе басқа елдегі амбассадоры емес. Біз жаңа нарыққа шығып, аудиторияны кеңейту үшін тек жарнамалық компания, коллаборация үшін ғана серіктес болдық», – деп түсіндірді ол.
Бірақ оның пікірі бұл мәселені шеше алмады. Желі қолданушылары Валя Карнавалды оны жарнамаға тарту қателік болды деп санайды.
Мұндай наразылық YouTube арнасында Антон Суворкиннің мәлімдемелерінен соң туындады. Ол видео түсіру кезінде блогер «барлық қазақты» түсірілім алаңынан алып тастауды сұраған деп мәлімдеді.
Суворкиннің айтуынша, Валя Карнавал түсірілім алаңында біреу қазақ тілінде сөйлегеніне теріс реакция білдірген. Сондай-ақ түсірілім алаңында «қазақтар болмайды» деп айтылды ғой» деген.
Өз кезегінде Валя Карнавал бұл айыптауларды жоққа шығарып, аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеген. Сонымен қатар ол Қазақстан мен ел тұрғындарына құрметпен қарайтынын айтқан еді.
.jpg)
Айта кетейік, қазір желі қолданушылары Sen Sulu брендіне жаппай бойкот жариялап жатыр.
Соңғы жаңалықтар