Жас мамандарға жеке брендті дамытудың маңызы түсіндірілді
406
Маңғыстаулық жас мамандар «Жас басқарушылар» мектебі аясында «Жеке бренд. SMM» тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды. Оқытуға 100 жас маман қатысты. Олар ҚР Журналистер Одағының мүшесі, медиатренер Алтынгүл Меңдіханнан білім алды.
Қазіргі таңда жеке бренд кез келген сала маманына қажет. Өзінің білімі мен тәжірибесін жеке брендке икемдеу арқылы көптің қызығушылығын оята алады.
Тренердің айтуынша, мұғалімдер жаңа дағдыны меңгеріп, оны өз саласында тиімді қолдана алса, оқушылардың да назарын білім алуға бағыттар еді. Сонымен қатар жеке бренді бар мұғалім өз жобаларын оңай ұсынып, жоғары көрсеткішке қол жеткізе алатынын тілге тиек етті.
Мұнан бөлек оқыту барысында медиасауат, әлеуметтік желідегі этика, кибербуллинг тақырыптары сөз болды. Телефон қолданатын жанның барлығы ақпаратты таратуда медиаэтиканы сақтауы керек екені айтылды. Ал ақпараттарды оқып, оны қабылдауда сыни ойлау дағдысы мен фактчекинг жасаудың маңыздылығы сөз болды.
«Бүгінгі сабақта жеке брендтің маңызы мен оның қалыптастырудың жолын үйрендік. Оқытуға қатысқан жас мамандар алдағы уақытта жеке бренді дамыған мықты мұғалім, білікті кадр болып жетілуі үшін қазірден бастап тыңбай еңбек ету қажет екенін түсіндік. Оқыту өте қызықты өтті және әлеуметтік желінің қыр-сырын меңгеруімізге септігін тигізді. Ұйымдастырушылар мен медиатренерге алғысымыз шексіз», — деді жас маман Марат Қани.
Айта кетейік, оқытуды «7 Жұрт» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облысы білім басқармасының тапсырысы негізінде Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе ұйымдастырды. Негізгі мақсат – мұғалімдердің біліктілігі мен белсенділігін арттыру, жаңа дағды қалыптастыру арқылы көшбасшы қалыптастыру.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
14:15
Қазақстандағы ең бай әйелдің жеке мектебі қанша...
24.08.2026
13:45
Путин Тоқаевты Әділет партиясының жеңісімен құт...
24.08.2026
13:07
Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демал...
24.08.2026
13:05
Алматыда тұрғын үй кешенінде алапат өрт болды: ...
24.08.2026
11:41
"Шын сүйсек, неге өлердей жек көреміз?": Азамат...
24.08.2026
10:41
Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысы белгі...