Жасанды интеллект өнерде: Айқын Төлепберген жаңа клипін ұсынды

19.02.2025 20:27 Берік Арманов
Жасанды интеллект өнерде: Айқын Төлепберген жаңа клипін ұсынды
217
видеодан кадр

Бүгін белгілі әнші Айқын Төлепберген «Жалғыз сен» әніне жасанды интеллект жасаған клипті жұртшылыққа ұсынды, деп хабарлайды Aikyn.kz

«Жасанды интеллект жасап берген клипті менің YouTube каналымнан қарап шығыңыздар! Бүгін караоке нұсқасын да шығарамын», – деп жазды әнші.

Жаңа клип анимация түрінде жасалған. Болашақтағы заманауи қаланы бейнелейтін бейнебаянда аспанда ұшқан көліктерді, барлық технология артықшылықтарымен жабдықталған үйді көруге болады. 

Жасанды интеллект (ЖИ) – интеллектуалдық қабілеттерді қажет ететін тапсырмаларды орындауға қабілетті бағдарламалар мен жүйелерді жасауға арналған ғылым саласы. Жасанды интеллекттің негізгі мақсаты – компьютерлік жүйелерге қоршаған ортаны қабылдауға, ақпаратты өңдеуге, шешім қабылдауға және тәжірибеден тәуелсіз үйренуге мүмкіндік беретін алгоритмдер мен модельдерді жасау.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий