"Жасы 20-да". Сәкен Майғазиевтің болашақ келінінің кім екені анықталды

09.04.2025 16:23
0
898
Фото: tiktok.com/@adiyamaulen

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы шаңырақ көтермек, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Өнер иесінің болашақ келіні желіде оқырмандарының сауалдарына жауап берді.

Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақ үй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін, деді Әдия Мәулен.   

Бұған дейін Әділет пен Әдияны көпшілік Нұрлан Еспановтың ұлы сүйіктісіне сөз салғанда бірге көріп қалған. Жұрт сол кезде-ақ Майғазиевтер әулетінде тойдың болар күні алыс емес деп топшылаған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий