«Жедел жәрдем шақырған жерге кеш жетеді»: Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде жедел жәрдем көліктерін сынаған видеоға қатысты пікір білдірді.
Әлеуметтік желіде тарған видеодан бұзылып, жүрмей тұрған жедел жәрдем көліктерін көруге болады. «Талғар ауданында неге жедел жәрдем шақырған жерге кеш жетеді? Өйткені 21 көліктің тек 5-уі ғана қызмет көрсетеді, басқалары бұзылып тұр», - деп жазды желі қолданушы.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек станциясы» ШЖҚ МКК санитарлық автомашиналарын жөндеуге ашық конкурс тәсілімен хабарландыруды 20 ақпанда берді.
Ведомстводан атап өткендей, жедел жәрдем автокөліктерін жөндеу шарты жеткізушімен 2 мамырда жасалды.«Конкурс қорытындысы шығарылғаннан кейін хабарландыру порталда 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Осы кезеңде қатысушылардан шағым түсіп, олардың арасында дау туындады. 23 сәуірде қатысушылардың шағымдарын мемлекеттік аудитпен қарау мерзімі аяқталды. Мемлекеттік аудит жауап бергеннен кейін хабарландыру 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алудың электрондық порталындағы сапаны бақылау бөлімінде қаралады»,- деп түсіндірді басқармадан.
Осы жылдың төрт айында жедел медициналық жәрдем станциясына 219013 шақырту түсті.«Бүгінгі таңда санитарлық автокөліктердің 40% - ын жөндеу қажет. Жөндеу жұмыстары шамамен екі аптада аяқталады. Қазіргі уақытта 100 жедел медициналық көмек машинасы облыс тұрғындарға қызмет көрсетеді»,- деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
18:51
ҰҚК «Еңбек» кәсіпорнының басшыларына қатысты те...
11.11.2026
18:40
Ақтөбеде жасөспірімдерді тонаған күдіктілер 7 ж...
11.11.2026
18:15
«Қатысым жоқ»: Давид Лория әкесіне қатысты дауғ...
11.11.2026
18:14
Мәскеуде Тоқаевтың қатысуымен ҰҚШҰ басшыларының...
11.11.2026
18:04
Көлігі жырадан табылған: Абай облысында жоғалға...
11.11.2026
17:27
Қорғаныс министрлігін тексеруден кейін тағы үш ...