Желіде қазақстандықтардың жеке деректері кімдерге сатылған?
803
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың дербес деректерін заңсыз жинау және таратумен айналысты деген күдікке ілінген қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында Қазақстан азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті.
Тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген.
«Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған. Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
09.09.2026
23:05
Шымкентте көршілер арасындағы жанжал қайғылы ая...
09.09.2026
22:25
Дрондардан кейін КҚК терминалында не болды? Маң...
09.09.2026
21:30
«Өзімді қорғадым»: Танысын пышақтап өлтірген Ор...
09.09.2026
20:36
29 перзентханада санитарлық талап сақталмаған: ...
09.09.2026
20:06
Көкшетауда 19 жастағы жұмысшы тоғызыншы қабатта...
09.09.2026
19:10
200 студент шетелде шарасыз қалды: Лос-Анджелес...