Жер сілкінісі кезінде медбикелердің жаңа туған сәбилерді қорғаған сәті видеоға түсіп қалды

Желіде Қытайдың Мьянмамен шектесетін Жуйли қаласында болған жер сілкінісі кезінде перзентхана мейірбикелерінің ерлігі бейнеленген видео тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, Онда медбикелердің жаңа туған нәрестелерді қорғау үшін жер сілкінісі кезінде инкубаторларды құлатпай ұстауға тырысқаны анық көрінеді. Бұл бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп, көпшіліктің ризашылығына ие болды. Пайдаланушылар мейірбикелердің жанкешті әрекетіне тәнті болып, оларды арнайы марапатқа ұсынуды талап етуде.
Апат салдарынан Мьянмада 1700 адам көз жұмғаны хабарланып отыр. Құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, бұл көрсеткіш әлі де көбеюі мүмкін. Қазіргі деректер бойынша, шамамен 300 адам із-түзсіз жоғалып, 3400-ге жуық адам түрлі жарақат алған. Ал көршілес Таиландта да жер сілкінісі салдарынан 17 адам қайтыс болып, 32 адам жарақат алған. Сонымен қатар, 83 адам әлі іздестірілуде.
Бұл трагедия аясында перзентхана мейірбикелерінің әрекеті адамзаттың қайғы мен қауіпті жағдайда да адамгершілік пен батырлық таныта алатынын дәлелдейді.
Соңғы жаңалықтар





