Жетісуда Бас прокуратура комитетінің қызметкерлері ұсталды
2010
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жетісу облысы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасы қызметкерлерінің құрықталғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Politico.kz порталы «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасап.
Құзырлы органның хабарлауынша, қазіргі уақытта аталған дерек негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесі үшін істің өзге мән-жайы жариялауға жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде, оның ішінде Telegram арналарында Тәуелсіздік күні мерекесінің қарсаңында аталған ведомство өкілдерінің қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тараған болатын.
Сондай-ақ, тергеу шараларының орбитасына Алматы облыстық лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің қызметкерлері де ілігуі мүмкін екендігі айтылған еді. Әзірге ресми органдар іс бойынша басқа егжей-тегжейлі деректерді ашып айтқан жоқ.
Соңғы жаңалықтар
20.08.2026
23:30
ШҚО-да полицей канализация құдығында ес-түссіз ...
20.08.2026
22:47
Танымал журналист қалай 80 келіге арықтағанын а...
20.08.2026
22:00
Мұхит Сапарбаев: Менің өміріме онкология келді
20.08.2026
21:44
Дина Төлепберген: Менің өмірлік миссиям — 100 д...
20.08.2026
21:19
Жетім қызды зорлау оқиғасы: Дина Төлепберген кү...
20.08.2026
20:00
Курьер зорламақ болған қыз: «Саған енді ешкім ү...