Жетісуда Мәдениет үйін жаңғыртуға бөлінген қыруар қаржы талан таражға түсті

19.12.2025 11:02 Арман Ермеков Арман Ермеков
Жетісуда Мәдениет үйін жаңғыртуға бөлінген қыруар қаржы талан таражға түсті
0
175
Фото: ҚМА

Жетісуда мәдениет үйін жөндеуге бөлінген 200 миллион теңгеден астам қаражат қолды болды, деп хабарлайды Politico.kz порталы Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Күдікке ілінгендер Бақтыбай ауылындағы клубты күрделі жөндеу кезінде мемлекет қазынасына қол сұққан.

Ресми деректерге сүйенсек 2020 жылы Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі мен мердігер мекеме арасында арнайы келісімшарт жасалған. Құжатқа сәйкес ауылдағы мәдениет ошағын қайта жаңғырту үшін қазынадан 753 миллион теңге қарастырылған еді. Жоспар бойынша мердігер құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың желтоқсан айында толық аяқтауы тиіс болатын. Алайда арада бірнеше жыл өтсе де нысан әлі күнге дейін пайдалануға берілмеген.

Тергеу барысында тапсырыс беруші тарапынан қабылданып ақысы төленген бірқатар жұмыстардың іс жүзінде орындалмағаны әшкереленді. Қаржылық тексеріс нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі 212 миллион теңгеден асқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта іске қатысы бар тұлғалардың мүлкіне шектеу қойылды. Тергеу шаралары жалғасуда және Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий