Жігер Ауыпбаев үшінші рет үйленді: Әншінің жары желідегі қауесетке жауап берді

29.06.2026 09:34 Мөлдір ҚАЙНАР
Жігер Ауыпбаев үшінші рет үйленді: Әншінің жары желідегі қауесетке жауап берді
776
Фото: коллаж politico.kz

Танымал отандық әнші Жігер Ауыпбаев үшінші рет шаңырақ көтерді. Өнер иесінің бұл жолғы таңдауы өзінен 15 жас кіші Мумина есімді бойжеткенге түскен. Әнші өміріндегі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі ресми парақшасында сүйіншілеп, оқырмандарымен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.

​Ұзату тойдан кейінгі талқылау: Желі қолданушылары не дейді?

​Көпшіліктің назарын аударған ұзату тойдың видеолары әлеуметтік желілерде тез тарап, қызу талқыға түсті. Кадрларды мұқият қараған кейбір желі қолданушылары өнер иесінің жас келінінің сырт келбетіне қарап, "аяғы ауыр болуы мүмкін" деген түрлі болжамдар жасаған.

​"Алла алдында арым таза": Мумина хейтерлерге жауап берді

​Интернетте түрлі қауесеттер мен алыпқашпа әңгімелер көбейгеннен кейін, Жігер Ауыпбаевтың жары Мумина бұл жағдайға нүкте қоюды жөн көрді. Ол өзіне қатысты айтылған сыни пікірлерді жоққа шығарып, көпшілік алдында ақталудың қажеті жоқтығын айтты.

​"Адамның алдында ақталмаймын. Алланың алдында арым таза! "Жүкті болып тұрмысқа шыққан" деген секілді өз ақыретіне бейжай қарайтын хэйтерлеріме айтарым: Аллаға сансыз шүкір, ата-анамның берген тәрбиесін аяққа таптайтын арсыз жан емеспін. Ақыреттік амал дәптерлеріңізді қардай амалға толтырсаңыздар да, өздеріңіз білесіздер. Ал бізге шынайы бақыт тілеп жатқан жандарға алғысым шексіз", – деп жазды ол.

​Жігер Ауыпбаевтың жеке өмірі

​Айта кетейік, эстрада жұлдызының кезекті рет үйленуі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Оқырмандардың бір бөлігі жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, бақыт тілесе, енді бірі жас айырмашылығы мен әншінің өткен некелеріне қатысты түрлі пікірлер қалдыруда.

​Бұған дейін Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желіде сүйіктісіне ерекше жағдайда сөз салған сәтінен және өзінен 15 жас кіші таңдауымен бірге түскен романтикалық видеоларын жариялап, көпшіліктің қызығушылығын тудырған болатын.

Войдите, чтобы оставить комментарий