Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті

Қарағандыда төрт жасар қыз алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті
Ашық дереккөз

Қарағандыда төрт жасар қыз бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы жағдай қаланың «Голубые пруды» шағынауданында болған. 2022 жылы туған бүлдіршін сол күні қонақта болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала бір сәт ересектердің қарауынсыз қалып, алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Ауыр жарақат алған бүлдіршін шұғыл түрде облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға бар күшін салғанымен, қыз бала көз жұмды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу