Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет гүлді кімнен алғанын айтты

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет кімнен гүл алғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесі сол гүлдің иісін әлі күнге дейін ұмытпағанын алға тартты.
Жасым 11-де болса да, кешегідей есімде. 5-сынып оқушысымын. Біздің мектепте концерт өтетін болды. Мен сол іс-шараны жүргізбекпін. Есейіп қалдым деп ойлаған шағым болса керек, алғаш рет үлкен сахнаға шығамын деп қатты қобалжыдым. Бір апта үздіксіз дайындалдым. Сынып жетекшім концертке директор қатысады, ата-аналар қонаққа келеді деді. Менің үрейім одан сайын ұшты. Салтанатты кеш ойдағыдай аяқталып, аяқ-қолым дірілдеп, демім тартылып дәлізге шықтым. Осыны байқаса керек, анашым күлімдеп келе жатты. Қолында бір бума дала гүлі бар. Өзі жинаған, аспан көк түсті лентамен бантик етіп буып алған. Бұл менің ең алғашқы гүл шоғым еді. Қазір әр сахнадан кейін құшақ-құшақ гүлдер алғанда, сол алғашқы гүл шоғымның иісі есіме келеді де тұрады, деп жазды актриса.
Соңғы жаңалықтар





