Журналист ұлт үшін қызмет етеді – Президент
470
Мемлекет басшысы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды politico.kz
«Ең алдымен, баршаңызды Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Журналист – мәртебелі мамандық. Ол – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы. Сондықтан біз медиа саласының мамандарына әрдайым зор құрметпен қараймыз. Түптеп келгенде, мемлекет те, журналист те ұлт үшін қызмет етеді, ел тағдырын шешуге атсалысады. Өйткені, ұлт баспасөзі мен ұлт мүддесі қай кезде де өзектес болған. Қазір де солай. Біздің мақсат-мұратымыз – ортақ. Бұл – баршаға тең мүмкіндіктер беретін Әділетті Қазақстанды құру. Мен бүгін медиа саласы мамандарының осы жолдағы қажырлы еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әлихан Бөкейхан «Газет-журнал шығаруға зор шеберлік керек» деп талап қойған. Жалпы, журналистер мемлекеттік саясатты халыққа түсіндіру ісінде айрықша рөл атқарады»,-деі Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңғы жаңалықтар
19.08.2026
18:50
Қазақстанға миллиардтаған доллар құйылды: Экспо...
19.08.2026
18:45
1,1 трлн теңге елге қайтарылды: Енді бұл ақша қ...
19.08.2026
18:14
Қазақстан Каспийдегі мұнай нысандарын қорғауды ...
19.08.2026
18:02
Ресейде Қазақстан азаматы көз жұмды
19.08.2026
17:02
Қазақстанда 5 пайыздық жаңа ипотека іске қосылд...
19.08.2026
16:10
Гүлзира Айдарбекованың отбасында қаралы жағдай ...