Журналист Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлге сыйлық жасады

Журналист Руслан Өтепбай Құндыз бен Назгүлге сыйлық жасады
20.03.2025 14:17
0
61
видеодан алынған кадр

Тележүргізуші Руслан Өтепбай қос ару Құндыз бен Назгүлге сыйлық жасап, қуаныш сыйлады,  деп хабарлайды POLITICO.KZ

Руслан Өтепбай желіде видео жариялап, оған:
"Қос қарындасыма өздері сұраған косметикаларын апарып бердім. Құндыз дереу боянып көрді. Табиғи сұлулығына бояу да жараса кеткендей..." – деп жазба қалдырған.

Желі қолданушыларының жылы лебізіне бөленген видеода Құндыз бен Назгүлдің қуанышты сәттері айқын көрінеді. Назгүл сабырлы түрде заттармен танысып жатса, Құндыз қуанышын жасыра алмай, бояуларды сол сәтте қолданып, балаша мәз болған. Бұл көрініс көрермендерге де шынайы эмоция сыйлады.

Бейнежазба астында "Руслан Өтепбайға" алғыс айтқан пікірлермен қатар, "Руслан бара бергенге ғашық болып қалмай ма қыздар?" деген әзіл-қалжыңға толы пікірлер де жазылған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий