Жүсіп Ақшораның отбасылық видеосы желіні шулатты: келіннің әзілі қызу дауға айналды
1801
Әлеуметтік желіде белгілі актер Жүсіп Ақшораның отбасылық видеосы жарияланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Актердің келіні әзіл ретінде қайын атасының есімін атаған. Сөйтіп, кешірім сұрағаны көрінеді. Бейнежазбадан Жүсіп Ақшораның өзі де бұған ашуланбай, керісінше сабырмен қарап, әзілдеп отырғанын байқауға болады.
Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі келінінің бұл әрекеті дұрыс емес десе, енді бірі қолдау көрсеткен.
«Әзіл болса да, үлкеннің атын атау дұрыс емес», «Жүсіп ағаның сабырына респект», «Біздің ата болса, салып қалар еді», «Атаңның атын айтуға ұялмайсың ба?», «Жүсіп аға да, келіні де керемет», «Адам болған соң байқамай айтып қойды, онда тұрған не бар», деп жазды оқырмандар.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...