Жуынатын бөлмеде басы жарылған: 30 жастағы танымал әнші көз жұмды
Филиппинде Sugarpop тобының 30 жастағы әншісі Ванесса Бланка жуынатын бөлмеде сүрініп құлап, алған ауыр жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Марқұмның немере әпкесінің айтуынша, қайғылы оқиға Манила қаласындағы пәтерлердің бірінде орын алған. Өнер иесі жуынатын бөлмеде киініп жатып, аяғы сүрініп басымен құлаған.
"Ванесса басынан ауыр жарақат алып, соның салдарынан миына қан құйылды", – деп жазды Айви.
Оқыс оқиғадан кейін бірден жедел жәрдем шақырылған, алайда көлік 15 минут бойы келмеген соң, әншінің жақындары оны ауруханаға өздері жеткізуге мәжбүр болған.
Бланканы мүгедектер арбасымен жақын маңдағы медициналық мекемеге апарғанымен, дәрігерлердің жансақтау шаралары нәтиже бермей, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
21:27
Мемлекетке қайтарылған Назарбаевтың зауыты саты...
19.11.2026
19:20
Бектенов Ақтөбедегі екі зауытты аралады
19.11.2026
17:46
Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға берілетін ...
19.11.2026
17:16
Алматыда қызды ұрған жігіт ұсталды (ВИДЕО)
19.11.2026
17:03
Жабық сот: Қазақстанда тыңшылық жасады деген өз...
19.11.2026
16:43
Тұрғын үйде болған жарылыстан кейін жеті адам і...