"Жүздеген миллиард теңге талан-таражға салынып жатыр": Ерлан Саиров Денсаулық сақтау министрлігін қатты сынға алды

26.09.2025 17:55
0
76
Ерлан Бияхметұлы Саиров

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров жасанды интеллектке қатысты тыңдау кезінде Денсаулық сақтау министрлігінің цифрландыру жұмысын қатты сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Депутаттың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінде бір-бірімен мүлде байланысы жоқ 19 түрлі ақпараттық жүйе бар болып шықты. Осы жүйелерді жасауға мемлекет қазынасынан 3 миллиард теңге бөлінген. Алайда, осыншама қаржыға жасалған жүйелердің әрқайсысы бөлек жұмыс істейді, яғни олардың арасында ешқандай байланыс жоқ.

Осындай жүйесіздіктің кесірінен салада жыл сайын жүздеген миллиард теңге ұрланатыны белгілі болды. Бұл деректі Жоғары аудиторлық палатаның есебі де растап отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, цифрландыруға өте көп ақша бөлінгенімен, жүйелердің бір-бірімен байланыспауы адамдарды емдеуге арналған ақшаның оңай жымқырылуына жол ашып отыр.

Бұл мәселе бұрыннан бар. Президенттің денсаулық сақтау саласын толықтай цифрландыру туралы тапсырма бергеніне бес жыл болса да, ол әлі орындалмай келеді. Тіпті, бүкіл әлем мойындап, қолданып жатқан, бірақ өзімізде жасалған медициналық стартаптарды, яғни жаңа технологияларды енгізуге министрліктің мүмкіндігі болмай отыр. Себебі, оларды іске қосатын сапалы цифрлық базаның өзі жоқ.

"Сіздер ертең осындай ортақ интеграциясы болмаса ЖИ жүйесіне қалай шығасыздар? ", — деді депутат.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий