«Барлық азаматқа 140 мың теңгеден біржолғы төлем төленеді» – министрлік түсінік берді
861
Қазақстанда барлық азаматқа 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған және онда төлемді тексеру үшін сілтемеге өту ұсынылады.
Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Сол себепті сілтемеге өтпеген жөн. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады, - делінген хабарламада.Сондай-ақ ведомство азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануды сұрайды. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланады. Фото: Еркеғали Болатұлы
Соңғы жаңалықтар
28.03.2026
14:16
Қостанайда жоғалған жасөспірімнің денесі табылды
28.03.2026
13:36
Қазақстанның тәуелсіздігін мақтаған ресейлік де...
28.03.2026
13:19
Астанадағы сауда орталығында жаппай төбелес бол...
28.03.2026
12:20
Түркістанда 8 жастағы бала бесінші күн қатарына...
28.03.2026
12:09
Дрондар түсіп, қазақтар төбелескен Ресейдегі по...
28.03.2026
11:27
Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес...