"Бөпені қайтесің": Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуі туралы жан сырын айтты
0
1074
Тамынал жайдарманшы, блогер Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен алғаш танысқан кезіе еске алып, қарым-қатынасы қалай өрбігенін айтып берді. Желі жұлдызы жолдасы екеуінің қыз бен жігіт болып жүрген кездегі суреттерін жариялады.
Мереке Қалбаева жеке өмірі туралы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарды. Жайдараншы жолдасымен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтып, жас айырмашылығы ол үшін ешқашан кедергі болмағанын жеткізді.
"Арсеннің бұрынғы түрі потолок, иә? Арықтығын қараңыздаршы. Бәйтеректің жанындағы бағана екеуі егіз сияқты. 30 келі салмақ тастап, өзгерген кезімде маған көп жігіт әңгіме айта бастады. Таңдау көбейіп кетті. Ал мен ол кезде Арсенмен жүріп жүрмін. Бірақ ешкімге айтпаймыз, себебі екеумізде "өтірік" деп ойлап жүрміз. Бір күні бір жігіт "Мен сені жақсы көремін, жүрейікші, үйленемін" деп қоймаған соң Арсенмен жүретінімді айттым. Ол Арсеннің түрін көріп, шок болып, "Бөпені не қайтесің?" дегені есіме түсіп кетті. Ол кезінде байқалмаған, қазір қарасам, шынымен бөпе болған екен ғой. Мен Арсеннің қылтырықтай болғанына мүлде мән бермеппін. Жасқаншақтану дегенді ойламаппын да. Қалай бар, солай жақсы көргем ғой", - деп ағынан жарылды блогер ару.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
25.12.2025
21:50
«Бұл сериал болады»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі...
25.12.2025
21:18
Қазақ тілінен басталған дау: Мейрамханасының әк...
25.12.2025
18:54
Танымал актер отбасына қатысты шындығын айтты
25.12.2025
18:45
Ресей не себепті Украинаның жаңа бітім жоспарын...
25.12.2025
18:00
Танымал халық әртісі өмірден өтті
25.12.2025
17:31
Сарапшы Қазақстанның дипломатиялық жылын қорыты...