Еуропалық одақ Қазақстанға санкциялар енгізбейді
243
Астанаға Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы елшісі Дэвид О’ Салливан келді,-деп хабарлайды politico.kz
Ол осымен үшінші мәрте Қазақстанға атбасын бұрды. Алғашқы сапарында «Қазақстан Ресейге қатысты шектеулерді сақтамады» деген мағынада пікір білдірген. Ал бұл жолы билікпен санкцияны айналып өту мәселесін талқыламақ.
Өйткені Еуропалық Одақ Ресейге жаңа шектеулер пакетін дайындап жатыр. Жақын күндері тізім жарияланады. Бірақ ол қатарға қандай компаниялар кіретінін әзірге атай алмаймын деді.
«Еуропалық Одақ Қазақстанға екінші дәрежелі санкциялар енгізбейді. Бізде ондай саясат жоқ. Ал АҚШ-тың өз жүйесі бар. Жалпы күн өткен сайын санкцияны айналып өту схемасы өзгеріп тұрады. Шектеу бар кезде одан шығудың жолдары да болады. Санкциядан құтылу үшін жаңа компаниялар құрылып жатады. Сондықтан біз жаңа тізімдер жасаймыз. Біздің мақсат – сол жолды жабу. Санкциядан қашып құтылуға болмайтындай әрекет ету»,- деді Салливан.
Соңғы жаңалықтар
20.05.2026
23:22
Қазақстандық түлектерге арналған кештерге қатыс...
20.05.2026
22:22
«Үш бірдей аурухана көмек көрсете алмады»: Алма...
20.05.2026
21:23
Алматы клиникасында танымал блогер пластикалық ...
20.05.2026
20:35
Шахтинскте гараждағы өрт салдарынан жасөспірім ...
20.05.2026
19:50
Астанадағы мейрамханаларға ит еті араласқан ет ...
20.05.2026
19:19
Маңғыстауда тұрғын үй маңында зейнеткер қансыра...