Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтудан бас тартты
922
Гүлмира Сатыбалды сот жарыссөзінде сөз сөйлеуден бас тартты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бүгін Гүлмира Сатыбалды сот отырысына тікелей тергеу изоляторынан онлайн қосылды. Алайда процесс басталар алдында сотталушы судья Мартпек Кәкімжановтан сот жарыссөзін оның қатысуынсыз өткізуді сұрады, өйткені ол қайтадан ауырып қалғанын айтты.
Судья Кәкімжанов Сатыбалдыдан шыдамдылық танытып, жарыссөз аяқталғаннан кейін соңғы сөз сөйлеуін сұрағанына қарамастан, сотталушы одан бас тартты. Ол өзінің адвокаттарының ұстанымын барлық жағынан қолдайтынын айтты.
Осыны ескере отырып, сот айыптау мен жәбірленуші жағын тыңдай бастады.
26 тамызда өткен сотта Гүлмира Сатыбалды аллергиясы қозып, ауырып қалған еді.
Фото: видеодан скриншот
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
09:13
«Тампон жылжып кеткен»: Атырауда мұрнына ота жа...
11.09.2026
09:01
Еркебұлан Тоқтар жауапқа тартылды
11.09.2026
08:34
Рыбакина туралы тағы бір сүйінші хабар жетті
11.09.2026
08:17
«Қыркүйек» пен «қыргүйек» дауы вице-президентке...
10.09.2026
23:20
19 жастағы сарбаз өздігінен жүре алмай үйіне ор...
10.09.2026
22:17
Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар на...