"Кешірдім": жәбірленуші Қайрат Нұртасқа шағымы жоқ екенін айтты
994
Бүгін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртастың ісі қаралып жатыр. Сот отырысы барысында жәбірленуші әншіге шағымы жоқ екенін айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Қайрат Нұртастың ісіне қатысты сот отырысында жәбірленуші Асылбек Бекқайыров әншіге шағымы жоқ екенін айтып, әкімшілік істі қысқартуды сұрады. "Айдарбековпен арыз-шағым жоқ. Әкімшілік істі қысқартуды сұраймын", - деді ол. Қайрат Нұртас сот алдында сөз сөйлеп, өзін айыппұлмен жазалауын сұрады."Қатты қателессем, кінәмді мойындаймын. Мені айыппұлмен жазаласаңыздар дұрыс болар еді. Сұранарым осы. Себебі алда талай концертім, талай тойым бар", - деді әнші.Өнер иесінің адвокаты әкімшілік істі қысқартуды сұрады. Прокурор 434-бап Ұсақ бұзақылық бабы бойынша жаза тағайындауды, ал жеңіл жарақат салу бойынша істі судьяның қарауына қалдыруды сұрады.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
15:21
Маңғыстауда әскерилер қаза тапты: үкіметтік ком...
24.09.2026
15:17
Өңдеу тарифі: қосымша түсім неге өндіріс шығыны...
24.09.2026
14:37
«Бүйрегі істен шықты, бауыры сыр берді»: Жаңаөз...
24.09.2026
14:37
Каспийде әскери қызметшілер қаза тапқан жерден ...
24.09.2026
14:06
Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызмет...
24.09.2026
13:40
Астанада емдік массаж жасайтын қыз клиентінен з...