1 қыркүйек күні мұғалімдерге 70 мың теңге төленетін болды

1 қыркүйек күні мұғалімдерге 70 мың теңге төленетін болды
pixabay.com

Ресейдің Тверь облысының мұғалімдері жаңа оқу жылының басталуына орай он мың рубль қаржылай қолдауға ие болады. Бұл туралы ақпарат өңірлік үкіметтің Telegram-арнасында жарияланды.

«Губернатор Игорь Руденяның шешімімен Тверь облысының мұғалімдері 1 қыркүйекке арнайы төлем алады. Бұл төлем дәстүрлі әрі жыл сайынғы сипатқа ие болады», – делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар облыс билігі білім беру мекемелерінің өзге де қызметкерлеріне бес мың рубль көлемінде төлем жасалатынын атап өтті. Дегенмен нақты қай санаттағы қызметкерлерге берілетіні әлі нақтыланбаған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу