103 жастағы әйел ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты: бар болғаны екі қарапайым өнім

Ұлыбритания тұрғыны Дороти Кэтл 103 жасқа толған туған күнін жағажайда атап өтті. Ұзақ ғұмыр сүруінің басты себебін ол дұрыс тамақтанумен байланыстырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы National World басылымы жазды.
Дороти Кэтл 1922 жылдың 22 сәуірінде Англияның Дорсет графтығындағы Пампхилл ауылында дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы наубайханада еңбек етіп, кейін жеке аспаздық қызмет (кейтеринг) компаниясын ашқан. Болашақ жұбайымен 12 жасында танысқан Кэтл 1942 жылы тұрмысқа шығып, жолдасымен бірге 70 жылдан астам ғұмыр кешкен. Ерлі-зайыптылардың екі баласы, үш немересі және бес шөбересі бар.
103 жасқа толған күнін Дороти жағажайда атап өтті. Шараны қарттар үйінің әкімшілігі арнайы ұйымдастырған. Туған күн иесі теңіз жағасында жақындарымен бірге fish and chips (балық пен картоп қуырмасы) жеп, есте қаларлық күн өткізді.
"Мен ұзақ өмір сүріп отырмын, өйткені көп мөлшерде балық пен көкөніс тұтынамын", – деді Дороти Кэтл.
Кешкісін қарттар үйінде ардагерге арналған арнайы мерекелік кеш ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері мен тұрғындар оны құттықтады.
Соңғы жаңалықтар





